
Бұдан кейінгі оңтүстік тарихы жаңа айтқанымыздай, Қоқан хандыгына қатысты өрбиді. Қазақ-қыргыз қақтыгысы бізге уақытында оқытылмаганы себепті осыган дейін белгісіз болып келсе, Қоқан хандыгының да оңтүстіктегі үш облысқа жасаган шабуылы, билігі, жаулап түрган уақытта қазаққа көрсеткен қысымы, жалпы, осы кезеңнің тарихы да көпшілік үшін күңгірт.
Бұдан кейінгі оңтүстік тарихы жаңа айтқанымыздай, Қоқан хандыгына қатысты өрбиді. Қазақ-қыргыз қақтыгысы бізге уақытында оқытылмаганы себепті осыган дейін белгісіз болып келсе, Қоқан хандыгының да оңтүстіктегі үш облысқа жасаган шабуылы, билігі, жаулап түрган уақытта қазаққа көрсеткен қысымы, жалпы, осы кезеңнің тарихы да көпшілік үшін күңгірт. Десе де, бүл хандықтың бізге жасаған шабуылы, билік кезіндегі Алаш баласына көрсеткен залымдығы, оларға қарсы бірнеше рет көтеріліске шыққан қазақ батырларының күрестері туралы нақты деректер көптеп қалса да, бар кілтипан - осы тарихты оқытпаған кешегі советтік идеологияда жатты. Соған қарамастан, 1970-80 жылдары Қоқан басқыншылығы жайында біраз зерттеу мақалалар жарыққа шықты, бірақ олар сол кездегі саясатқа орай, шындықтан мүлде аулақтәртіппен жазылды.
Баста жазғанымыздай, тарих болған күйінде жазылмағы лэзім. Әлім ханның қазақ даласын басып алудағы ойы - бұрынғы барлық жаулаушылардың ой-пиғылымен астасқан жоспармен жүзеге асқан. Яғни, қазақ жерін басыбайлы жаулау. Мүны архивтік деректер былай растайды: «Әлім хан өзіне бағынышты бектерге пәрмендеді: «Тәшкен - дүниенің төрт бүрышынан керуендер агылып келетін кәттә сауда шаһары. Тәшкен саудагерлерімен базарларында алтын көп. Қайтсек те, оны қүзырымызга алуымыз керек! Ал Шымңала, Түркістан, Әулиеата, Созаң ңазаңтарындамал көп. Қазаңмалдары да біздің хандыңтың байлыгы болуыләзім.
Тәшкеннен соң ңайтсек те, қазақ даласын басуміндет. Алда үзақ сапар түр. Ғас- керді дайьтдаңдар!» («Қоқан хандығына қатысты жазбалар тізімі», Папка 3).
Расында, Әлім ханның басты мақсаты - орыс отаршылдығынан эзірше аман тұрған эрі бір орталық билігі жоқ, бытыраңқы күйде өмір сүріп жатқан оңтүстік қазақта- рының жерін Қоқанға түпкілікті қаратуды ойлаған. Оған қоса, сол кездегі саясатты жақсы білген ол, біздің оңтүстік өлкемізді батыс жэне солтүстік тараптан сүғына еніп келе жатқан орыс отаршылдарына бермеуді ойлайды.
Әлім хан мақсатына жетпек ниетпен хыжраның 1223 жылының аягында, біздіңше 1808 жылдың сүмбіле (тамыз) айының ортасында Ташкентте әскеріне қосымша күш қосып, 13 зеңбіректі, 4 мың мылтықты, бас-аягы он жеті мьщды қүраган ләшкерге озі бас болып, Дешті-Қыпшақ даласына қарай шеру тартады. Оның жолында алғашқы кездескен үлкен қазақ қыстақтары - Тұрбат пен Шарапхана еді. Қамсыз жатқан бұл қыстақтардың жұрты шаңдатып келген 17 мындық қолға түк те істей алмай, Әлімнің құзырына бас иеді.
Қоқандық әскер Шарапханаға жеткенде ары қарай жорығын жалғастырмай, осы жерде екі ай аялдайды. Бір аттаныспен кез келген қала-қамалдарды басып алуға бекінген Әлім Шарапханада неліктен мұншалықты уақыт аялдаған себебін мен ұзақ уақыт зерттедім. Ақыры мұның жауабын Асат Сапиевтің кітабынан таптым. Сапиевтің жазуы бойынша оның мәнісі былай екен: «Әлім хан маған қарсылық көрсе- тетін қазақтар жоқ деп, Тәшкеннен бейқам аттанды. Ақиқатында, Келес суына жет- кенше қазақтар тарапынан шыққан ғаскер де, шерік те көрінбеді. Аяңмен үш күн жүріп, кеш түсе Келестің орта тұсындағы Қақпақ деген жерге аяқ басқанда, тау жақ- тан шыға келген 500-600-дей қазақ аламандары ғаскердің оң бүйіріне тап берді. Ша- буылдарының шапшаңдығы сондай тез болды, қоқандық шеріктер мылтық, найза- ларын көтеріп үлгергенше, ғаскердің бір шетін қиратып тастап, қайтадан тау арасына кіріп кетті. Осыдан кейін Әлім сақтанажүріп, Тұрбат пен Шарапхананы бағындырды. Лэкін бұ қышлақтарға жеткенше де, қазақтың әлгіндей топтары біресе қамыс арасынан, біресе жыра тасасынан шыға келіп, қоқандықтардың берекесін кетірді. Мұндайды күтпеген Әлім Шарапханада еріксіз аялдады. Лэкін қарап жатпады, қазақтарды қорқытпаққа айла тапты. Шарапхана қыстағының жоғары жағынан өзіне арнайы қамал салдырып, күнде арғы жақтағы Шымқала, Түркістан, Әулиеата, Түлкі- бас тарапына шабармандар аттандырып, қала хәкімдері мен қазақ сұлтандарына, би- байбатшаларына: «Аягыма келіп жыгылыңдар, маган багыныштықтарыңды білдіріп, көп дүние-мүлік, мал айдап келіңдер! Мен мүсылманмын, сендерге қамқор боламын. Өйтпесеңдер аргы жақтарыңда төніп түрган доңыз етін жегіш, түрегеп түрып дәрет алатын, адам қанын су орнына ішетін түрі бөтен кәпір-орыстар сендерді басып алып, түқымдарыңды түздай қүртады. Әгәрәки бейбіт келіп, қүзырыма өтпесеңдер, мен сендерді орыс-кәпірден бүрын жаулап аламын. Әр он еркектің үшеуін дарга асамын, екеуінің басын кесемін, екеуінің бүтына қыл бүрау салып, әтек қыламын, қалган үшеуінің бір-бір қүлақтарын
кесіп, өмірбаңи ңүл етемін! Қатын-ңыздарыңның бәрі сарбаздарыма ңатын, күң болады!» деп пәрмен айтты.
Лэкін қазақтар хан дәргейіне келіп бас ұрмады. Ашуланған хан Шарапхана маңындағы қазақтардың күніне жиырма шақтысының басы мен қол-аяқтарын кесіп, олардың жаншошытарлық өлі денелерін ат-есектерге өңгеріп, ауыл-ауылдарға жібер- ді. Дала қазақтары ержүрек екен. Бүған да шошымады. Хан алдына келмей қойды. Ашудан жынданардай халге түскен Әлім хан ләшкерін көтеріп, Шымқалаға қарай аттанды...»
Өлік артылған ат-есектерді қоқандықтар біздің Бадам, Сайрамсу жағасында отырған жұртқа да жіберген. Қазақтар оның мұндай залымдығынан қорқып, алдына бармаған соң Әлім Шымқалаға жорық бастайды. Шымқаланы бетке алған Қоқан ләшкері Қазығүрт белінен асқанда жан-жақтағы сай-жыраларда жасырынып тұрған Төле бидің баласы Қожамжар би, Толебидің немересі Шойбек би, Елек торе, сіргелі Назар, Тайлаң, шегір Аңпан, ңоңырат Алтай, Сейіт ахун батырлар бастаған екі мыңдық қазақ қолы оларға тағы тарпа бассалады. Жайбарақат келе жатқан дұшпан ләшкері тез ес жиып, мылтықтарына жармасады. Ылғи шоқпармен, найзамен, садақ жэне құс ататын шиті мылтықтармен қаруланған қазақтар жақсы қаруы бар қоқандықтарды жайпап салмаса да, қатарларын біраз селдіретіп, шегініп кетеді. Қазақ батырларының қылығына ызаланған Әлім хан осы соғыста өлген, жараланған аламандарына қарамай, Шымқалаға қарай асығыс жүреді. Бір күннен кейін Бадам жағасындағы Қасқа жотасына келіп тоқтайды. Дэл осы кезде бұларға Ташкенттен жеткен жеті зеңбірегі бар тағы үш мыңдық қосымша ләшкер келіп қосылады.
Қоқандықтардың эрі қарайғы жорығы қалай өрбігенін талдау - бұл жазбаның міндеті емес. Дегенмен 1808 жылдың ңазан айының 23 күні Шымңаланы алган ңоңандыңтар үзамай бүгінгі Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстарының жерін түгелдей жәнеАлматы облысындагы Үзынагаш жеріне дейін жаулайды.
Міне, қоқандықтардың алғашқы шабуылына ұшыраған Қазығұрт-Төлеби өлкесі еді жэне оның ең қатал зұлымдығы мен залымдығын тартқан біздің ауданның ескілікті тұрғындары болды. Алғашқы соғыста осында жасаған ата-бабаларымыздың қаншасы қырылды, қаншасы жан бағудың қамымен солардың құлына айналды - ол жағы беймәлім. Бұл турасында бірде-бір дерек жоқ. Қолға түскені - со заманда қазақтардың жыл сайын қоқандықтарға қандай һэм қанша салық төлегені туралы деректер. Расында, қазаққа жасаған 55 жыл билігі ішінде қоқандықтардың Алаш баласына көрсетпегені жоқ. Олардың залымдығы қалмақ қаталдығынан он есе асып түскен. Қазақты малдан бетер тірідей қорлағаны өз алдына, бабаларымыздың басына салықтың неше түрін салған ғой.
Әлім ханнан кейін таққа отырған Омар хан 1814 жылы қазақтарға салынатын салық түрлерін бекітті. Ол - зекет, қараж, садақа, үшір боп, негізгі төрт тармақтан тұрды. Зекет - адам мал-мүлік салығы бойынша үш бапқа, қараж - астық пен жер, отын-шөп, пұл салығы бойынша бес бапқа, садақа- мешіт пен медреселер салығына арналған екі бапқа, үшір - шаһар даруға-хәкімдері мен әскер ісі салығына байланысты үш бапқа бөлінді. Ең қасіреттісі - Омар хан ңазақтарга қыз салыгын да енгізген. Бүл салықты 1842 жылы Шералы хан жойган. Сонда 1814 жылдан 1842 жылға дейінгі аралықта қаншама мыңдаған апаларымыз жаттың қармағында кетті деңіз. Ал 53 жыл бойы төленген мал-мүлік салығына қанша миллиондаған төрт түлік пен мүлік- бұйымдардың кеткенін ешкім есептеп шығара алмас...
Қоқандықтардың қазақ даласына енгізген ең үлкен жаңалығы - біздің өлкеде алғаш рет үкіметтік-әкімшілік қүрылым жасады. Бүрын қазақтар рулық жүйемен, ру бас- қарған хан-сұлтандар мен би-батырлардың қарауында болып, солардың құзырымен өмір сүрсе, Қоқан даламызға шаһарлық һэм датқалық билікті енгізді. Ол жаулаған қазақ даласында ірілі-ұсақты жиырмадан аса шаһар болатын. Шаһарлардың басшылығына үлкен-кішісіне қарай ұлты өзбек-сарттан шыққан даруғалар мен хәкімдер тағайындалды. Шаһарларға датқалықтар қарады. Біздің аудан жері Шым- қала даругасына қарады. Аудан жері Қазыгүрт және Сайрамсу деген екі датқа- лықтап түрды.
Бір датқалыққа бірнеше ауылдар қарады. Анықтап айтқанда, Қазығұрт датқалы- ғына қазіргі 1-ші Май, Алатау, Киелітас, Кемеқалған ауылдық округтеріне қарасты елді-мекендер мен Шымкентке қарап кеткен Тоғыс, Елтай ауылдары түгелімен кірген. Ал Сайрамсу датқалығына бүгінгі Аққұм, Жоғарғы Ақсу, Қасқасу, Қаратөбе, Қоғалы, Тасарық, Зертас ауыл округтеріне жататын ауылдар қараған. 1814-1865 жылдар аралыгында Бадам датқалыгына Төле бидің үрпақтары Шойбек, Жәнәділ, Мом- бек, ал Сайрамсуга Бүлгақ, Шынәлі, Жәнәділ (екі датқалыққа да датқа болган), Белқожа, Қасымбек (сиқым) деген кісілер датқалық етті. Датқалықты билейтін датқа шені қазіргі аудан әкімдерінің дәрежесіне жақындау болған. Жалпы алғанда, Қоқанның 55 жыл билігі кезінде қазақ даласында 39 датқалық болыпты, оларды 82 датқа басқарган. Датқалардың міндетіне - хандық мүддесіне орай жұмыс істеу, салықты дер кезінде жинау, ел ішіндегі тэртіпті қадағалау, керек кезде ханға жергілікті жігіттерден жасақ жинап беру сынды жұмыстар кірді. Жалпы, датқа деген Қоқан ханының қазақ даласындағы сенімді өкілі, жер-жердегі бұйда ұстар қызметкері еді. Бірақ Қоқан билеушілерінің қазаққа көрсеткен қысымдарына шыдамаған кейбір батыр да намысшыл датқалар хандыққа қарсы өмір бойы күресіп өтті. Бұлардың қатарында бадамдық Шойбек, сайрамсулық Қасымбек датқалар, қазығұрттық Дауыл, Қожамжар билер бар еді.
Бұрын біздің ауданның жерінен өтетін ескі Жібек жолының бір тармағы «Сайрам жол» деп аталған. Сайрам жол Тұрбаттан басталып, бері қарай Атбұлақ Аманта, Әңгірата, Сұлтанрабат арқылы Сайрамға баратын. Ленгірдің іргесіндегі Сұлтанрабат бекетінің негізін 1780 жылдары сайрамдық Сұлтан деген қожа кісі қалаған. Кейіннен бұл қоныс Әулиеата жақтан Ташкентке немесе керісінше жолмен тау жағалап мал айдаушылар, кіре-керуен тартушылар бір қонып, демалып кететін бекетке айналады.
Қоқан кезінде мүнда үлкен базар мен керуенсарай жэне жатын орындар, бірнеше мал қоралар салынып, ары-бері жол тартқан немесе хат-хабар таситын қоқандық шабармандар аялдайтын, ат-көлік ауыстыратын арнайы рабат болады. Рабат сөзінің мәнісі - арнайы әскерлер мен алысқа жол тартқан шабарман-жаушылар аялдайтын, ат-көлік ауыстыратын бекет, яғни орын дегенді білдіреді. Осыган орай бір кездері Сүлтан деген қожа іргесін қалаган ауылды қоқандықтар Сүлтапрабат деп атайды. Сол атау элі күнге дейін өзгермей түр. XIX ғасырдың алғашқы ширегінде Сұлтанрабатта Шойбек датқаның бастауымен зэулім мешіт салынады. Арада көп уақыт өтпей мешіт қасынан бала оқытатын медресе ашылады.