
Біз эдетте бір зерттеу мақала жазсақ, тек тарихи оқиғаларды ғана тізбектеп кететін эдетіміз бар жэне де тарих дегенде тек өткеннің қаралы беттерін көбірек ақтаруға әуеспіз. Сөйтіп, нысанаға алған кезеңдеріміздің шынайы болмысымен сол уақытта ғріыр кешкен адамдардың тұрмыстық жағдайлары қалай болды жэне өмірлік жетістіктері қандай дәрежеге жетті, сондай-ақ қандай әкімшілік-құрылымдарда күн кешті деген сұрақтарды айналып өтіп кетеміз. Ақиқатында, орыс отарынан кейінгі кезеңде қазақ қалай күн көрді, не істеп жан бақты, немен айналысты, ауылдарды кімдер басқарды деген мэселелерге қатысты осы күнге дейін арнайы бір еңбек жазылмапты. Реті келгенде, біз осы сұрақтардың өз өңірімізге қатыстыларына ғана қысқаша түрде жауап беріп көрейік.
Жалпы алғанда, 1864 жылғы орыс отарынан кейін оңтүстік жұрты рухани һэм тілдік тұрғыда, ұлттық тұрғыда көп қысымшылық көріп, артта қалушылық қалыптан шыға алмаса да, 1905-06 жылдарға дейін біркелкі де бейбіт күн кешті. 1887 жэне 1898 жылдардағы оңтүстікте болып өткен екі табиғи жұттағы жэне 1892 жылы Ташкентті жайлап, артынша маңайдағы ауылдарға жайылған тырысқақ (холера) ауруынан қы- рылған адамдар шығынын есепке алмасақ, байлардың дәулеттері артты, саудагерлер қай қалаға барып сауда жасаса да, жолдары ашық болды, ал кедейлер аштан өліп, көштен қалмай күн көрді. Әр болыстыққа қараған ауылдар (эр болыстықта адам саны екі мың-екі жарым мың шамасында болуы тиіс-тін) уездің салық жэне мүлік бөліміне жыл сайын түтін басы бір сомнан, эр жиырма қойға бір қойдан, эр он сиырға бір тана- дан, эр он жылқыға бір тайдан, эр пұг астыққа бір қадақтан салық төледі. Әлбетте, са- лықтың басым бөлігін малдары көп байлар төледі. Бірақ кедейлер қалай болғанда да, түтін салығын төлеуге міндетті еді. Не десек те, орыс үкіметінің салығы Қоқан хэкім- дерінің салықтарынан әлдеқайда аз эрі эу баста қара халыққа соншалықты ауыр бол- мады.
Орыс отаршылдары қазақтарға болыс сайланудан, одан ары кетсе, уездік кеңсенің қатардағы қызметкері болудан жоғары қызмет бермеді. Орысша оқыған көп қазақ тілмаштық қызмет атқарды. Болыстық жүйе қазақтың бүрынғы ру-ру болып, ұйым- дасып отыратын өмірлік тэртібін бұзды. Отаршылдар бір болыстыққа бірнеше рулар- дан тұратын ауылдарды әдейі біріктіру саясатын жүргізді. Бір болыстық орынға екі рудың өкілдерін таластырып қойып, қазақ арасында алауыздықты, бір-біріне деген араздықты өршітуге күш салды. Болыс сайлауы кезінде уезд бастықтары параға бел- шелерінен батты. Кім көп пара берсе, сол адам болыс сайланатын үрдіс кеңінен өріс алды.
Болыстықтар ішінде «ауылдық қауымдастықтар» деген қүрылым болды. Бір «ау- ылдық қауымдастық» бірнеше ауылды біріктірген. Мысалы, Атбұлақ, Әнгірата, Те- кесу, Мейрам Ана, Ақбастау ауылдары Ақбастау «ауылдық қауымдастығына» кірген. Ауылдарды старшындар басқарды. Старшындарға эр елу үйді жатқызып-тұрғызатын елубасылар бағынышты болды. Болыстар ай сайын үкіметтен 800-1000 сом, стар- шындар 300-400 сом, елубасылар 150-200 сом жалақы алды. Болыс та, старшын да, елубасы да салықтың барлық түрінен босатылды. Бірақ болыстық бір жылдық салық- ты уақтылы һэм келісілген мөлшерде төлей алмаса, оның орнын жаңағы айтылған ла- уазымды кісілер өз қалталарынан төлейтін заң болды. Сол үшін де болыс пен ауыл би- леушілері салық жинау кезінде өте қатал түрде жұмыс істеді.
1880 жылдан бастап, орыс үкіметі базарлардың бэрін өз бақылауларында ұстады. Базарлардан алынатын салық - мал жэне бұйым-заттардың түрлеріне қарай алынды. 1880 жылдан эр базардың басшыларын уезд бастығының өзі тағайындады. Ауыл молдалары бала оқытқаны үшін елден жиналған қаржыға өмір сүрді. Көп кедей қазақ осында келіп байыған немесе үкіметтің көмегімен көп жер алған орыс-украин келім- сектеріне жалданып, күн көрді.
Дегенмен бейбіт заманда күн кешкен бақуатты қазақтар жайлы өмір сүрді. Ауылдар арасында той-томалақ, ас-жиындар үзілмеді. Әр ауыл қазақтың бар салт- дәстүрін ұстанып, ұлттық қалыптан өзгере қойған жоқ. Бірақ жоғарғы билеуші отаршыл таптың жүргізген саясаты бірте-бірте қазақтың ұлттық тамырына балта шаба түсті. Орысша білмеген, оқымаған қазақ жоғары көтеріле алмады. Уақыт өткен сайын заман ағымына ілескен қазақ күн көрудің қамымен келімсектерге жағынудың жолына түсті. Болыс-билер өзінен жоғары тұрған орысты өз қазағынан қай жағынан озық деп білетін, орыс алдында өзін қор, оны зор санайтын дәрежеге жетті. Осындай ішкі психологиялық өзгерістен кейін сары жұртты өз ұлтынан биік санайтын әдетке ұшырады. Оларғақарахалық еліктеді.
Жыл өткен сайын отаршылдар тарапынан көрсетілген мұндай құбылыс күшейе түсті. Жергілікті халықты жабайы санай отырып, сол «жабайыға» жаппай өзінде бар заманға орайғы білімді беруді қажетсінбеді. Оның үстіне жыл сайын қара халықтан алынатын салық түрі мен құны өсе түсті. Қазақтарға шүрайлы жайылымдарға малдарын бағуға рұқсат етілмеді. Етілсе де, уезд бастығы мен село старостоларына көп пара беру арқылы жақсы жайылымдарға қол жеткізді.
Бірақ қазақтың рухы түссе де намысты еді, жолы жабылса да, алғыр еді. Қанша теперіш көрсе де, ел ішінде кеуделерінде ілкі қазақтың өр мінезі сақталған батыр- билер мол еді. Бұндай көсемдер әр-әр кезде бас көтеріп, патша қанаушыларына қарсы көтерілістер ұйымдастырып отырды. Сондай көтерілістің бірін 1906 жылы Бадам жағасындағы ауылдардың қазақтары бастады. Патша шенеуніктері тарапынан көрсетілген қысымға шыдай алмаған Ақайдар, Жалғандық, Шырақшы, Зағамбар ауылдарынан жиналған үш жүз қаралы қазақтар 1906 жылы 17 қыркүйек күні дүрк көтеріледі де, Дорофеевкада орналасқан уезд бастығының өкілі мен полиция кеңсесіндегі қызметкерлерге тарпа бас салып, бэрін ұстап алады. Содан уезд басты- ғының өкілін тізерлетіп қойып, оған жоғарғы жаққа жеткізетін талап-арыздарын жаздырады. Сол кездегі Сырдария облыстық полиция басқармасы құпия қызметінің Ташкент архивінде сақталып қалған дерек-материалында аталмыш көтеріліс жайын- да былай деп жазылған:
«1906 жылдың 17 қыркүйегінде Бадам болыстығының бұрынғы баукеспе ұрылар- дың тұқымы Әлтай Қожаназаров деген бұзақы біреу бастаған әумесер қазақтар облыс, уезд бастықтарының, сондай-ақ переселендер мен киргиздар жөніндегі өлкелік коми- теттердің жұмыстарына наразы болып, бас көтерді. Үш жүздей есуас киргиздар (қа- зақтар) Дорофеевкадағы орыс пристав өкілдерін ұрып-соғып, бүгінгі үкіметтің жұ- мысына наразылық білдірген. Уезд бастығының өкіліне үкімет салықты қысқартуын, егістік алқаптар мен жайылымдарға бақылау жасамауын, базарларды қазақ болыс- старшындарының құзырына беруін талап етіп хат жаздырып, уезд бастығы Синель- никовке жұмсаған. Синельников Бадамға киргиздарды бейбіт түрде басу үшін уезд полиция бастығы мен уездің болыстықтар жөніндегі бөлімінің қызметкерлерін аттан- дырған. Бірақ киргиздар уезд шенеуніктерін тыңдамай, оларға қол көтерген, қорқы- тып мылтық атқан. Осыдан соң Синельников уезд горнизонындағы солдаттарды Ба- дамға өзі бастап барып, көтерілісшілермен үш күндей соғысты. Синельников отря- дына Дорофеевка мен оның айналасындағы орыс селоларының қарулы мұжықтары да көмектесті. Орыс мьштығы мен қаһарынан қорыққан бүлікшілер әрең дегенде басылды. Қорытындысында, бүлікшілер тарапынан 27 кісі өліп, 50-ден аса адам жараланды. Отряд жақтан 3 солдат өлді, 11 солдат жараланды. Көтерілісте аса белсен- ділік танытқан 51 кісі қамалды. Көтерілісшілерді уақтылы баспаған һэм оларға дем берді деген айыппен Бадам болысы Ордабек Батырбеков пен төрт ауыл старшындарыда уезд абақтысына қамалды. Бэріне кінэлі бұзақы Әлтай Қожаназаров пен оның үш жандайшап серігі атыс кезінде оқтиіп өлді...»
Біз баста айтқанбыз, славян селоларындағы мұжықтар қазақтарга қай кезде де аса зэбірлік танытқан жэне де бірдеңе бола қалған жағдайда орыс солдаттарына ұйымдасқан түрде көмек көрсеткен деп. Міне, сол сөзімізге орыс полициясы құпия қызметінің қызметкерлері жазып қалдырған жаңағы хабарламасы жанды дәлел. Ақиқатында, соғыс үш күн бойы Бадам жағасындағы Ақайдар, Жалғандық, бүгінгі Достық ауылдарының тұсында өткен. Ол кезде Бадам жағасы қалың қамыс пен түрлі ағаш басқан ну болған. Қазақтар осы нуға бой тасалап, қаруы озық отрядқа қатты қарсылық танытқан. Ақырында орыстар қалың қамыс пен ну ағаттт арасын паналаған қазақтарды екі зеңбірекпен атқылап, быт-шыт қылған.
Бұл көтеріліс ел ішін, әсіресе, орыс ұлықтарын әжептеуір дүрліктірген. Осыншама азаматы оққа ұшқан, соншасы қамалған қазақтар да қатты күңіреніп, қайғыға батқан. Көтеріліс басылған соң да, қайғыға батқан елді орыс отряды келіп тағы қан қақсатқан. Иә, бүгінгі жұрт санасынан шығып, есінде қалмаған, анығы, кешегі саясат ұрпақ жадында қалдырмаған осынау көтеріліс кезінде қазаққа көп қасірет әкелген. Расында, өткен ғасырларда іске асқан, бірақ бүгінгі ұрпақтың есінде сақталмаған оқиға көп. Кейбіреулер мұндай оқиғаларға сенбестік танытады. Бірақ ондайлар қазіргі кезде көп жазылып, көп көтеріліп жүрген 1931-33 жылдардағы ашаршылықта өз ата қонысында қанша адамның өліп, қанша адамның жер ауып кеткенін немесе 1941-45 жылдардағы соғыста ауылдарынан қанша кісінің соғысқа аттанғанын білмей тұрып, тіпті, кеше ғана өздері көрген, соған қызмет етіп, жұмыс істеген колхоз-совхоздарда қанша мал, қанша техника болғанын нақты айта алмай тұрып, арғы замандарда болған оқиғаларға күмэн танытатындары жаман...
Айтпақшы, өткен ғасырда Шымкент атауына қатысты халық есінен шыққан тағы бір дерек бар. 1914 жылы 23 қыркүйекте патша үкіметі өздерінің Шымкент қаласын Қоқан басқыншыларынан азат еткеніне 50 жыл толуына орай қала атауын оны алғаш жаулаған Черняевтың атына ауыстыру туралы арнайы жарлық шығарады. Сол кезде орыс отаршылдары Шымкент жеріне жасаған шапқыншылықтарын қазақты Қоқан басқыншылығынан азат еттік дегендей пиғыл ұстанған. Анығында, патшалы Ресей бізді қоқандықтардан азат етуші емес, олар да қазақты жаулаушы ел. Расында, біз Қоқан басқыншылығынан құгылған соң, орыс отарына тап болған, былайша айтқанда, түлкі талауынан құгылып, арыстанның жемтігіне айналған ел болғанбыз. Ал жаңағы жарлықтан соң 1921 жылға дейін Шымкент қаласы — Черняев қаласы, Шымкент уезді—Черняев уезді болып аталып тұрды.