
Түркістан өлкесін билеген орыс шенеуніктері жыл сайын эр облыстың эконо- микасына, тыныс-тіршілігіне, ауа-райына, халқының эл-ауқатына, егін мен мал ша- руашылығына, өнеркәсіп пен қол өнердің дамуына, өлкедегі мұсылман жұрттарының этнографиясы мен ауыз әдебиетіне, ертедегі һэм кейінгі құрылыс нысандарына, өзен- су атауларына, жалпы, табиғи ерекшеліктер мен өмірдің барлық салаларына қатысты деректер-мәліметтерді жинастырып, «Шолу» кітаптарын шығарып отырған. Мысалы, «Обзор Сыр-Дарыньской области» деген шолу кітап 1868 жылдан 1914 жылға дейін эр жылы шығып отырған. Сондай-ақ эр жылдары статистикалық комитеттің мәліметтері де жеке-жеке кітап болып шығып тұрған. Оның үстіне 1868 жылдан 1917 жылға дейінгі аралықта патша отаршылдарының жазбагерлері жазып, Ташкенттен шығарған кітаптар мен газет-журналдардағы мақалалар жинастырылған «Туркестанский сборник» деген арнайы томдар жинақтары шыққан. (Соңғы үш томы 1939 жылы құрастырылған). «Туркестанский сборниктің» жалпы саны - 594 том. Біз осы аталған кітаптардың бәрімен неше жыл бойы танысып шыққанбыз.
Қанша дегенмен, орыс отаршылдары бізді батыстық һэм заманға орайғы ілімге жақындатқаны ақиқат. Бұл сөзімізге олардың 1870 жылдан бастап шаһарлар мен ірі- ірі қыстақ-қышлақтарда заманға орайғы мектеп ашу ісін қолға алғандары нақты дәлел. Шымкент уездінің орталығы Шымкент қаласында алғаш рет 1872 жылы екі кластық ер балалар жэне қыздар училищесі жэне бір ерлерге арналған приход мектебі (Приходская школа), қазақ-сарттарға арналған бір түземдік мектеп ашылады. «При- ходская школа» дегеніміз - славян жұрттарының балаларын христиан дініне оқы- татын, бірақ дін сабағымен қатар заман талабына орай жаратылыстану пәндері де жү- ретін мектеп. Түземдік мектеп - мұсылман балаларын орысша оқытатын оқу орны. Шымкенттегі түземдік мектепті айтып отырған себебіміз - 1885 жылдары сол мектепте 1896-1901 жылдар аралығында Бадам жэне Қарамұрт болыстықтарына болыс болған Абылай Қасымбеков пен Байсейіт Қожабековтер оқыған.
Бұлар өлкемізде ашылған ең алғашқы орысша оқу орындары орыс мектептері еді. (Бұл туралы Түркістан өлкесінің алғашқы генерал-губернаторы фон Кауфманның «К истории народного образования Туркестанского края» атты кітабында кеңінен айтылған). Ал өзіміздің таза мұсылманша оқытатын медресе-мектеп Шымкентте қай ғасырдан бар екені белгісіз, бірақ Қоқан жазбагерлерінің мэліметтерінен білгеніміз бойынша, шаһар ортасындағы мешіт жанында 1790 жылы бір медресе болыпты. Десек те, бізде орыстар келмей тұрып та көптеген мектептер болған. Мәселен, Кеңес- арық ауьшындағы Бекасыл әулие ашқан шағын медресе, Бұқар мен Ташкенттен кел- ген молдалар дэріс берген Жалғандықтағы, Сайрамдағы, Қарамұрттағы оқу орында- ры бұрыннан-ақ жұмыс істеген.
Ал өңірімізде бұлардан бұрын жұмыс істеген мұсылман мектептері туралы жазба деректер қалмаған. Ал орыстар өлкемізді жаулаған соң, баста айтылғандай, өлке тарихына арналған сан түрлі хронологиялық жинақтарды шығарумен қатар, оқу- ағарту істерінің барысы жөнінде де арнайы еңбектер жазып отырған. Солардың ең бастылары эр бес жылда бір рет шыққан, бүгінде Ташкент архивінің сөрелерінде түгелімен сақтаулы тұрған, кейбір нұсқалары Өзбекстан астанасындағы Науаи атындағы кітапхананың фундаменталді бөлімінде кездесетін «Очерк развития народного образования в Туркестанском крае», «Сведения о числе учебных заведе- ний и учащихся В Сыр-Дарьинской области», «Отчетная ведомость о состоя- нии учебных заведении Инспекции народных училищ Туркестанского края» деген жинақтар. Бұларда Түркістан өлкесіндегі уездер мен ауылдарда қандай жэне қанша мектептердің бар екені, оларда қанша оқушылардың оқитындары туралы нақты мәліметтер жазылған. Мектептер туралы жоғарыда жазылған жэне бұдан кейін де жазылатын деректеріміз барлығы сол жинақтардан алынды.
Соңғы аталған жинақтың мәліметінше, 1880 жылы Шымкент қаласында эрқай- сында 11 баладан оқитын 2 медресе, ал уезд бойынша 46 медресе болыпты. 46 медре- седе 911 оқушы бала оқыпты. 1875 жылы Шымкентте Вознесенский деген священник өз қаражатына халық училищесін салдырады, ол бір жылдан кейін Оқу-Ағарту министрлігінің құзырына беріледі. Сол жылы Сұлтанрабатта осы ауылдың негізін қа- лаған Сұлтанқожаның шөбересі Қамытбай Әбдірәсілов атасы салдырған мешіттің жанындағы медресені бір мезгілде елу шэкірт оқитындай етіп, қайта үлкейтіп салдырады. 1886 жылы Қасымбек болыс Шырақшы ауылында (бұл ауыл 1931-33 жылдардағы ашаршылықта жойылып кеткен) мешіт-медресе ашады.
1880 жылы Шымкенттегі қалалық ер балалар училищесінде 12 орыс, 8 қазақ, 4 сарт, ал қыздар училищесінде 15 орыс, 4 мұсылман оқушы тіркелген. 1884 жылы Шымкент пен Сайрамда мұсылман балаларын оқытатын кешкі орыс мектептері ашылады, 1886 жылы бұлар күндізгі түземдік оқу орнына айналады. 1892 жылы Дорофеевкада, Егорьевкада (Георгиевкада), 1897 жылы Ленгірде, Фогелевода бір кластық бастауыш орыс мектептері ашылады. 1895 жылы Дорофеевкада екінші мектеп болып, бір «Приходская школа» ашылады. 1899 жылы Сұлтанрабат пен Қарабұлақта, Георгиевкада қазақ-өзбектерге арналған екі жылдық түземдік мектептер жұмыс істей бастайды.
1895 жылдан кейін барлық мектептер «Халық училшцелері» деп аталады. Жаңа, XX ғасыр басталған кезде, яғни 1900 жылы Төлеби жеріндегі тоғыз селода жеті 3 жылдық, қалғандары екі жылдық, яғни бастауыш 10 училшцелер (мектептер) болған. Олар - Бәйтікте (2 жылдық, 25 оқушы бар), Даңгыра Шалдыда (бастауыш, 11 оқушы), Дорофеевкадағы 1-ші мектеп (3 жылдық, 50 оқушы), Дорофеевкадагы 2- ші мектеп (3 жылдық 50 оқушы), Егорьевкадагы 1-ші мектеп (3 жылдық 42 оқушы), Егорьевкадагы 2-ші мектеп (3 жылдық, 44 оқушы), Манджуриядагы (бастауыш, 11 оқушы), Петропавловкадагы (үш жылдық, 58 оқушы), Суплатовкадагы (үш жылдық, 36 оқушы), Фогелеводагьі (бастауыш, 12 оқушы) оқу орындары жұмыс істейді. 1902 жылы Ленгірдегі бір жылдық мектеп үш жылдық оқу орнына айналады (Бұл қазіргі № 1 мектеп).
Патшалы Ресей отаршылдары қанша жерден мектеп ашып жатқандарымен, бэрібір, жергілікті жерлердегі қара қазаққа жаппай білім беруге онша талпыныс білдірмеді. Ауыл-ауылдарда мұсылманша мектептердің жай-күйі өте нашар болды, оларға мемлекет тарапынан лайықты дәрежеде көмек көрсетілмеді, оқу-ағарту ісіне бөлінген қазына қаржысының басым бөлігі орыс мектептері мен училищелеріне берілді.
Уезде 1885 жылдардан кейін емдеу мекемелері мен дэріханалар ашу жоспары түзілді. Дегенмен бұл істе патша үкіметі Шымкент уезді көлемінде 1917 жылға дейін мардымды жұмыстар атқармады. Қазан төңкерісі іске асқанға дейін осыншама ұлан- ғайыр уезд өңірінде төрт-ақ емдеу орталығы жэне он бір фельдшерлік пункт қана жұмыс істепті. 1900-17 жылдар орайында біздің аудан көлемінде Георгиевка мен Дорофеевкада бір-бір емхана, Фогелевода бір фельдшерлік пункт болған. Сұлтанрабатта, Петропавловкада, Суплатовкада шөптен жасалған жэне арзан дэрілер сатьшатын шағын-шағын ғана жекеменшік дэріханалар болыпты.