
Төлеби жеріне орыс отаршылдарының алғаш аяқ басқан кезі 1864 жылдың қара күзі. Осы жылдың қыркүйегінде полковник Черняев бастаған орыс отряды Шымкент- ті жаулайды да, қазан айында Ташкентке таяйды.
Төлеби жеріне орыс отаршылдарының алғаш аяқ басқан кезі 1864 жылдың қара күзі. Осы жылдың қыркүйегінде полковник Черняев бастаған орыс отряды Шымкент- ті жаулайды да, қазан айында Ташкентке таяйды. Бірақ бұл жолы ол Ташкентті ала ал- май кері қайтады. Орыс жазбагерлерінің мәліметтеріне қарағанда, сол жылы күз бен қыста жаңбыр мен қар аз жауып, жылы болыпты. Ташкенттен қайтқан Черняев қыс бойы Шымкентте аялдайды. Аялдағанда қарап жатпай, Омскіде отырған Дала гене- рал-губернаторының бұйрығымен Шымкенттің айналасындағы рулардың қоныс- тарына барлау жасайтын арнайы отрядтарды аттандырады. Ондай барлаушы отряд- тар оңтүстік өңіріндегі қай жер қандай рулардың қонысы, жайлауы, қыстауы һэм олардың басшыларының кімдер екенін анықтайды. Сонымен бірге ауыл басшы-биле- рінің мінез-құлықтарын, халықтың табиғи болмысын, салт-дәстүрін зерттейді. Жер- су, тау-тас атауларын түгендеп, картаға түсіреді. Қыс бойы қазақты сөзбен алдап та, қорқытып та орыс саясатына икемдеу әрекетін жүргізеді. Сондай-ақ болашақта қай жерлерге орыс поселкаларын орналастыруға болатынын жоспарлайды. Бұл бағытта олар баяғы Қоқан ұстанған жолмен жүріп, қазақтар жиын отырған аймақтардың тура ортасына үлкен-үлкен поселкалар тұрғызу керектігін ойластырады.
1865 жылдардағы қыс-көктем айларында қазіргі Төлеби жерін осындай мақсатпен аралаған капитан Дорофеев Түркістан облысының басшысы генерал Черняевке осы
аумақтан келешекте христиандардың он бес поселкасын тұрғызуға болады деген хабарлама жазады. Осы хабарламадан кішкене үзінді келтіре кетейік:
«...Мен аралап өткен Шымкенттің шығыс жағындағы Алатау етегіндегі жазық даланың табиғаты қыстың өзінде тамаша. Тау табиғатының кереметі бір бөлек, түрлі ағаш, жеміс-жидек көп. Ал жазықтарда мөлдір сулы бұлақтар сансыз, суы таза өзендер көп. Қазақтар эр қырдың астында, эр өзен мен бұлақтардың жағасында отырады. Шөптері құнарлы, малдары семіз. Қазақтарда байлар көп. Кейбірінде үш мыңға дейін жылқы бар. Осынау әсем табиғатты даланы патша ағзамның иелігіндегі орыс мемлекетіне мэңгілік қаратудың бір жолы - адам тіршілік кешуге мүмкіндік мол осындағы өзен-сулардың тегіс жағалауларына, бұлақтардың басына орыс поселка- л арын орнал астыру...»
Дорофеев осы жазбасында Төлеби жеріндегі тау-жоталардың, өзен-сулардың аттарын түгел атайды. (Бір ескерте кететін жэйт - оның жазбасында Ленгір атауы еш кездеспейді). Оның бұл ойы арада бірнеше жыл өткенде мықтап іске асады. Тіпті осы өңірде орнаған ең үлкен селоның бірі өзінің атымен аталады.
Орыс отаршылдары Түркістан жерін жаулай салысымен, өлкемізде бірден орыс поселкалары орнай қойган жоқ. Отарлаушылардың дені әскерилер мен солдаттар болган соң олар эу баста үлкен-үлкен қалаларга орналасты. Ал ішкі Ресейдің губернияларынан ауғындьшардың келуі 1884 жьшдан кейін мықтап іске асты. Ресей мұжықтарының Оңтүстік Қазақстанга қоныс аударуы - Ресейдегі құл-шаруаларга еркіндік берген «крепостное права туралы манифест» шыққан соң тіпті үдеп кетті. 1868 жылы Шымкент уездінде алғаш бой көтерген орыс селосы - Беловод. Одан кейін Антоновка, Темирлановка, Корниловка пайда болды. 1890 жылга қарай уезде олардың саны 16-гажетті.
Біздің аудан жерінде ең бірінші пайда болган орыс селосы - Егорьевка. Ол 1890 жылы құрылган. 1893-95 жылдары онда «Георгий Победоносец» (Георгий Жеңімпаз) храмы салынады. Арада біраз жыл өткен соң осы шіркеуге байланысты Егорьевка селосы Георгиевка аталады. Егорьевкадан кейін біздің аудан жерінде Дорофеевка (1892 жылы құрылған) деп аталатын тағы бір үлкен орыс селосы тұрғызылады. Онда э дегенде-ақ 106 шаруа отбасы қоныстанады.
1891-96 жылдарда Тасарықта - Петропавловка, Даңғыра Шалдыда - Борисовка, Киелітаста - Нестеровка, Доңызтауда - Красино, Қостөбеде - Александровка, Дорофеевтың жанында Скреплевка, Георгиевка мен Қаратөбе маңында Рудневка, Покровка, Сахаровка, Веряховка, қазіргі Тоғыстың үстіңгі жағында Троцкое, Қарақия суының төменгі тұсынан Фогелево сияқты орыс селолары орнайды. 1892- 1897 ж.ж. Момынай-Көктерек суының жағасынан орыс-украйн келімсектері қоныс- т&шшЛенгер поселкасы бой көтереді.
«Обзор Сыр-Дарыньской области за 1902 года» атты кітапта Егорьевкада 129 отбасы, 796 жан (408 еркек, 388 әйел ),Дорофеевкада 115 үй, 727 адам (387 еркек, 340
әйел), Фогелевода 21 үй, 70 жан (39 еркек, 31 әйел) бар деп көрсетілген. Бұлардың бэрі тек ішкі Ресейден ауып келген еуропалықтар еді.
XX ғасырдың басында орыс ауғындылары тағы көптеп келе бастайды. Олар қазақ қоныстарының тұсына орнығып, ауылдардың бұрынғы атауларын өз қалауларынша өзгерте бастайды. Соның нэтижесінде, 1907-1912 жылдар аралығында Бэйтік - Михайловка, Тоғыс - Царское, Керкенбай-Покровка, Шутөбе - Успеновка, Қасқасу - Суплатовка, қазақ Қасқасу бөлігі - Гавриловка, Колосовка, Майбұлақ - Романовка, Зертас - Галкино, Қайнар - Манджурдская, ал Қайнардың шығысы - Трехсвятское болып өзгертіледі. Қазақ ауылдарына осындай атауларды енгізу жөнінде переселендер басқармасының жэне облыстың бастығы арнайы жарлық шығарып отырған.
Осылайша, 1917 жылға таман біздің аудан жерінде Дорофеевтың 1865 жылы жасаған жоспарындағыдай 15 емес, 27 орыс селосы орнайды. Селолардың үлкенде- рінде 60-тан 130-ға дейін, шағын дегендерінде 25-тен 30-ға дейін славян, неміс, еврей отбасьшары өмір сүрді. Оларда әйел-еркегі аралас 3667 тұрғын тұрды.
(Бір ескерте кететін жәйт, 1929 жылы Петропавловкадан шыңңап бүрыты копестің баласыДмитрий Блинков деген біреу цызыл үкіметтің белсендісі болып, жан-жацтагы цазацтарды цан ңаңсатады. Одан шексіз зәбір корген Қасңасу ауылының бір топ ңазаң жігіттері бір күні оның үйіне барьіп, үстап алады да, жабыла сүйреп, Сайрамсудың жагасына алып келедй Өзен жагасында ңазаңтар оны әбден үрып-согып талдырып, тастап кетеді. Блинков сол таяцтан ес жимаган күйі өліп кетеді. Артынан селоның басца орыстары іздеп келіп, оның олігін табады да, Қасцасудагы орыс моласына жерлейди Ол кезде орыстан шыццан белсенділердің ңадірі артып, абыройы асңаңтап түрган кез. Аупартком мен ауатком мүшелері Блинковты цызыл үкімет үшін жан циган жан ретінде әспеттеп, Петропавловка селосьтың атын соның атымен атауга шешім шыгарады. Сол атау 1990жылдарга дейін сацтальіп түрды).
Орыс жазбагерлері осы переселендердің қазақ жеріне келгені туралы жазбаларын эрбір ауғынды мұжыққа эу баста 10 десятина, кейін 15 десятинадан жер берілді, олар орныққан жерлерінде қазақ ауылдарымен тату тұрып, қоныс мәселесін келісіп шешті деген сыңаймен жұмсартып жазады. Жэне де ауғынды жұрт 1889-91 жылдарда оңтүстік Ресейде орын алған алапат жұттың кесірінен қазақ жеріне көшіп келуге мэжбүр болды дегенді де баса айтады. Бірақ ауғындылардың жолда қандай қиындықтар көргенін, түу сонау Пензадан, Екатеринбургтен, Ростовтан, Самарадан, т.б. қалалардан неге тура алыс оңтүстікке келіп орныққанын, жолдағы Еділ мен Жайық бойына, Ырғыз бен Арал тарапқа неліктен қоныстанбағанын айтпай, аттап өтеді. Өйткені ол шақта аталған өлкелерде орыстар, жалпы, Ресей боданындағы еуропалық жұрттар аз болатын. Расында, солай бола тұра, ауғындылар соншама жол азабын көріп, толарсақтан саз, белуардан лай кешіп, бұл жаққа неге келді немесе келуге неге ынтықты? Неге оңтүстікке келген келімсектердің басым көпшілігі таза орыс- тар емес, басқа славян немесе герман, грек, еврей жұрттары болды?
Патша саясатын жақсы қырынан көрсетуге тырысқан сол кездегі орыс жазба- герлері переселендер жайындағы көп тттындықты жасырады. Негізі, патша үкіметі қазақ даласына, оның ішінде Оңтүстік Қазақстан жеріне Ресейде басы артық саналган немесе түрі слявандық, бірақ орыс сословиесінің ешқандай тобына жатпайтын қара шаруалар мен қаңгыбас адамдарды, нашар отбасыларды аттандырған. Оларды бұл жаққа аттандыра отырып, көші-қон жолдарында барлық жағдайларын жасаған. Бұл көшкінді орыс шенеуніктері 1885 жылдан кейін қатты қолға алған. Өйткені жаңа отарланған Орта Азия мен Қазақстанның оңтүстігіне отаршылар өздеріне әскери ғана емес, дала-далаларда азаматтық та тірек керек екенін жақсы түсінген. Ол үшін қазақ жерінде өздерін патша ағзамның өкілі санайтын, оны «Великий государь всея Руси» деп танитын славяндар мен солар тектес батыс нэсілділер тұратын поселкалардың қатарын көбейту, сандарын өсіру қажет. Ал мұндай жоспарды іске асыру үшін Петер- бордағы жэне Түркістан өлкесіндегі шенеуніктерге мұнда кімдерді жіберу немесе экелу мэселесін шешу міндеті тұрды.
Әлбетте, Ресейдегі жағдайы тэуір орыстар «ит арқасы қиян» алыс жерге бармай- тыны кэміл. Бірақ шенеуніктер бұл мәселенің орайын тез табады. Ресейде күнін көре алмай жүрген қарашекпен шаруалар мен «соттан шыққан, оттан босаған» делінетін, былайша айтқанда, өмірге ашулы, тағдырына нала қаңғыбас эрі бұзық адамдарды күштеп, мәжбүрлеп аттандыруды қолға алады. Онсыз да тағдыр теперішін көріп жүр- ген мұндайлар барған жерлерінде еш нәрседен қайтпайтынын, қандайда бір қиын- шылықтарға төзе алатынын шенеуніктер жақсы білген. Ондайларды көбіне орыс емес, басқа славян жұрттарының арасынан іріктеген. Жэне де оларды аттандыра оты- рып, баратын жерлерін межелеп берген һэм барған жерлерінде жақсы өмір күтіп тұр- ғанын саналарына құйған.
Патша үкіметі переселендердің жол қаражатын жартылай болса да көтерген. Жол- жолда оларға әскери бекіністер мен орыс жолбасшылары көмек көрсеткен. Таза орыс емес, бірақ сляван жұртына жататын эр ауғынды топтардың арасынан старостоларын тағайындап, оларға тегін винтовка мен оқ-дэрі үлестірген. Ауғындылар белгілі бір қо- ныстарына жеткенде, оларды күтіп алған жергілікті уезд басшылары келген топтар- ды алдын-ала дайындап қойған жерлерге орналастырған.
1889-91 жылдары оңтүстік Ресейде орын алған жұт біздің өңірге келімсектердің көптеп келуіне баса себеп болды. Бұл жылдары орыс шенеуніктеріне өз жерлеріндегі кедей-кепшіктерге көші-қон туралы жүргізетін үгіт-насихаттарының да керегі болмай қалды. Көшке ілесуге, жүруге жарамды кедей-кепшіктер ат-арбаларына ескі- құсқы киім-қомыттарын арта салып, біздің өңірге бет алды. Жол-жолда өздеріне орыс әскери орындарының көмек бергеніне қарамай, түрлі індеттерден жүздеп қырылды. Аштықтан құрт-құмырсқа, бақа-шаян жеп, жанкештілікпен өлместің күйін кешіп,
үкімет белгілеп берген өңірлерге эрең жетті. Қазақ жеріне аман жеткендерді мұнда, шынында, жұмақтай болмаса да, жайлы өмір күтіп түрған еді.
1890 жылдан бастап, орыс үкіметі қазақ жерінде эрбір келімсекке барлық жағдайды жасап, еркіндік берген-тін. Ауғындылар осындай еркіндіктің арқасында өздеріне ұнаған жерлерден қазақтарды қуып, жайлы да сулы-нулы орындарға жайғасты. Үкіметтік күшке сүйенген мұжықтар қарсылық көрсеткен қазақты ұрып-соғуға, сабауға, тіпті атып тастауға да ерікті еді жэне бұл үшін ауғынды қарашекпендер жауапқа да тартылмады. Осының кесірінен жазған қазақ тау қуыстарына, шөлейтті жерлерге ысырылды. Орыс отаршылдарының мұндай ұстанымдары баяғы Қоқан хандарының қазаққа жасаған іс-әрекетіне қатты ұқсады. Өйткені қоқандықтар да қазақ жеріне өз өлкелерінен өзбек-сарттарды көшіріп әкелгенде, ата-бабаларымызды жайлы қоныстардан қуып шығып, келімсектерін тіршілікке ыңғайлы мекендерге орналастырған.
Біздің аудан жеріне келген ауғындылардың алғашқы легін меннонит немістер мен украиндер құрады. Орыстар «меннонит немістері» деп XVIII ғасырдың басында Пруссиядан Еділ бойына ауып келген германдарды атаған. Екатеринбургтен ауған олардың бірсыпырасы қазіргі Қазығұрт, Сарыағаш аудандарының жеріндегі Келес бойына (Тоболина, Степное) орныққан, қалған бөлігі украиндармен осында келіп, жоғарыда айтылған Егорьевка мен Дорофеевка селоларын орнатады. 1891 жылы Бег- лербек Рабатына орныққан жиырма бес үй неміс қоныстанған еді. Олардың арасында Карл Фогель деген бір білгір фельдшер болады. Фогель 1896 жылы Ташкенттен дэрі- дәрмек алып келе жатып, Қазығұрт белінде күймесімен аунап кетіп, оқыстан ажал табады. Беглербек рабатында тұратын немістер сол Карл Фогельдің құрметіне орай ауыл атын Фогелево деп атауды ұйғарады. Кешікпей осы атауды үкімет те қолдап, рес- ми жазбаларына енгізеді.
Баста айтқанымдай, Оңтүстік жеріне ауып келген келімсектердің барлығы ұлтына қарамай, ақ патшаның саясатын жақтаған, жергілікті орыс билігін қуаттаған топ болды. Отаршылдар шенеуніктер оларға өздерін жергілікті халық - қазақтардан жоғары санауды үйретті. Қай кезде де, шеттен ауып келіп, бөтен жұрттың ортасына орныққан халық өзара ұйымшыл келетіні белгілі. Мұнда орныққан келімсектер де, орыс билігі жолында жандарын бәске тігіп, қазақтармен керісіп қалған жағдайда ұйымдаса кетіп, ақ патша ұлықтарына жақтасып отырды. (Бадам, Сайрамсу бойын жайлаған келімсектер мұндай жанкештіліктерін 1906 жылғы дүрбелеңді кезең мен 1916 жылғы ¥лт Азаттық көтеріліс кезінде ашық эрі қатаң түрде көрсетті).
Қазақ даласына бұгтарындағы шалбарлары мен үстеріндегі шапандары жамау- жасқаулы күйде көшіп келген мұжықтар арада көп уақыт өтпей-ақ әжептеуір ауқатты дәрежеге жетті. Қазақты тонап, шьшқи байығандары да көп болды. Иә, эр басқыншы басып алған жерлерінде тек өз жағдайын ғана ойлайтындары жэне ойлағандары та- рихтан белгілі. Алайда сол тарихтың шындығы элі күнге дейін ашып айтылмайтыны өкінішті...
Төлеби жері Шымкент пен Ташкентті, сондай-ақ басқа қалаларды бір-бірімен бай- ланыстыратын бекет жолдарынан сәл қиыстау болды. Сондықтан да, Бадам-Сайрамсу даласы пошталық байланыс жолының (почтовый тракт) қызметін атқармады, ондай бекеттер орналаспады. Дегенмен жоғарыда аталған селолар бір-бірімен атшаптырым жерде ғана орналасқан қазақ ауылдарының дэл орталарына орнықты. Селолар уезд орталығымен жэне өзара тығыз байланыста болды. Үкіметтің назары үнемі селоларға ауып, қазақ ауылдарына көрсетілмеген жақсылықтар соларға көрсетілді. Ең алғашқы заманға орайғы мектептер де, денсаулық сақтау орындары да, көпірлер мен жолдар да осы селоларда салынды.
Жаңадан бой көтерген орыс селолары осы өңірді билеген генералдардың, облыс, уезд бастықтарының, сондай-ақ село старосталарының аттарымен аталды. Самсонов, Суплатов, Руднев, Борисов, Александров, Михайлов, Дорофеев, Покров дегендердің барлығы қазақты қанаған басқыншылардың со замандағы белгілі тұлғалары-тын.